"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебі" КММ
КГУ" Основная средняя школа имени Ы.Алтынсарина села Иглик отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарыдай мектептен таудай көңіл

14.03.2017

Тарыдай мектептен

таудай көңіл

     Ғалым да,шахтер де бас иетін демекші,ұстаз ұғымы қай жанның болмасын жадында тұратын мәңгілік  ұғым.Ұстаз қай кезде болмасын бала болашағының негізін сала алатын бірден бір себепкер жан.

Себебі,ұстаз қай баланың болмасын қиялында мінсіз,кемшіліксіз,бәрін біліп тұра алатын адам болып

қалыптасады.Сондықтан,бала болашағының жарқын болуы тікелей ұстаздар қауымына

байланысты.Бұл орайда баланың білімін ғана емес,өнерге деген өрісін де өсіру

қажет.

        Мен де осы мақсатпен биыл Қостанай облысы Арқалық қаласындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының  4-ші курс студенті атанып,мұғалімдік жолға

даярланудамын.Осы орайда оқуымның соңғы жылында кәсіптік тәжірбиеден өтудемін.

Тәжірбие жинақтауға Ақмола облысы,Есіл ауданы,Игілік ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы

Игілік негізгі мектебі себепкер болуда.Тәжірбие жинақтап жүргеніме 1 ай ғана

болсада,қырық шақты ғана шәкірті бар мектептен көп нәрсе үйрендім.Мектептегі

ұстаздардың ұйымшылдығы мен қарым-қатынасы бір төбе десек,оқушылардан алған

ыстық ықыласым мен үшін үлкен жеңіс болды.Оқушылар да өте өнерлі.Оған куә

мектебімізде аналар мерекесі қарсаңындағы Хайдарова Айгүл Серікқызының

жетекшілігімен өткен «Ана-өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз.Балалар ыстық

ықыластарын алақандай ғана сахнада жүрекпен жеткізіп,бізді тамсандырды.Талаптарына

нұр жаусын дегім келеді.

          Маған ұстаздық  жолдың үлкен жүректілігін үйретіп,қыр сырымен

таныстырған Жакупов Мұхаметқалий Исатайұлы бастаған мектеп ұжымына алғысымды

білдіре отырып келе жатқан наурыз мерекесімен құттықтағым келеді.

 

                                                                     Ы.Алтынсарин

атындағы Арқалық мемлекеттік

 педагогикалық

институтының педагогика және филология

 факультетінің

4-курс студенті Мырзабайқызы Жаннұр.

Просмотров: 376


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст