"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебі" КММ
КГУ" Основная средняя школа имени Ы.Алтынсарина села Иглик отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"
Сәлеметсіздер ме, қымбатты достар!
Біздің сайтымызға қош келдіңіздер!
Біздің сайтымыздан сіздер мектебіміздің тыныс-тіршілігі жөнінде, мұғалімдердің озық тәжірибесі туралы, ата-аналармен жұмыс жайлы, сыныптан тыс шаралар, спорттық шаралар жөнінде, оқушылардың жетістіктері туралы ақпарат аласыздар! Біздің сайт сіздерге мектебіміз туралы көптеген қызықты мәліметтер беріп, біздің мекеменің білім беру ісіне ат салысуларыңызға көмектеседі деген үміттемін.
Құрметпен, "Ы.Алтынсарин атындағы Игілік негізгі орта мектебінің " КММ директоры Жакупов М.И.
Жаңалықтар
-
07.03.2023
8-наурыз "Халықаралық әйелдер күні"
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында 3-сыныпта мерекелік тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі Қабылқажы Ботагөз
-
07.03.2023
"Ана біздің күніміз" тәрбие сағаты
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 5-сыныпта "Ана- біздің күніміз" атты тәрбие сағаты өтті. Сынып жетекшісі Төлеген Ж.Ж.
-
07.03.2023
1-наурыз "Алғыс айту күні"
1 наурыз - алғыс айту күніндегі құттықтаулар.
-
07.03.2023
"Алғыс айту күні"
Мектебімізде 1 наурыз - "Алғыс айту күніне" орай өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен мектеп асханасындағы аспазшыларға және қызмет мекемесін тазартушы апайларға өздерінің жүрекжарды тілектерін, рахметтерін айтып, алғыс білдірді.
-
07.03.2023
"Қазақстан таланттары"
2023 жылдың 25 ақпан күні Астана қаласында өткен Халықаралық хореографиялық "Қазақстан таланттары" байқауына мектебіміздің 2-сынып оқушылары Мұхаметқалий Айғаным мен Хусбек Айару қатысып, Гран-при жүлдесімен оралды. Өнерлі қыздарымызды құттықтай отырып, жетекші...
-
07.03.2023
"Променад шоу- 2023"
2023 жылдың 27 ақпан күні Есіл аудандық мәдениет үйінде "Променад шоу-2023" аудандық би байқауы өткізілді. Бұл байқауға біздің мектебімізден "Шашу" би тобы өзбек биін орындап, жүлделі 2-орынға ие болды. Жетекші мұғалім Төлеген Ж.Ж. Құттықтаймыз!
-
28.02.2023
Мемлекеттік қызметтер бойынша 2022 жылғы есеп
-
22.02.2023
"Өрт қауіпсізгі айы"
"Өрт қауіпсіздігі айы" іс- шаралары жоспары бойынша 2-сынып жетекшісі А.Х.Байжумина сынып оқушыларымен сынып сағатын өткізді. Мақсаты: өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру, балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін...
-
22.02.2023
"Өрт қауіпсіздігі айы"
"Өрт қауіпсіздігі айы" іс- шаралары жоспары бойынша 4-сынып жетекшісі Көкейхан Риза сынып сағатын өткізді. Мақсаты: өрттің қаншалықты қауіпті екенін балаларға түсіндіру, білімдерін кеңейту. Өрттің алдын алуға балаларды ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға...
-
22.02.2023
"Абай оқулары" байқауы
Аудандық бастауыш сыныптары арасындағы "Абай оқуы" байқауына "Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы" номинациясы бойынша 3-сынып оқушысы Азамат Шұғыла қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды. Жетекші мұғалімі: Қабылқажы Ботагөз. Құттықтаймыз!