"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебі" КММ
КГУ" Основная средняя школа имени Ы.Алтынсарина села Иглик отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қазақстан медицинасының дамуы" дебат турнирі

15.12.2022

2022 жылғы 12 желтоқсан күні мектебімізде "Ұшқыр ой алаңы" дебаттық қозғалысын іске асыру шеңберінде "Қазақстан медицинасының дамуы" тақырыбында дебаттық турнирі өткізілді.  Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін еркін жеткізуі, білімдерін толықтыру, ақпараттандыру, қоғамдағы мәселелерге ой жүгірту. Денсаулық сақтау жүйесі - қоғамның әлеуметтік өмірінің ең маңызды саласы. Елімізде денсаулық сақтау саласын жетілдіру үшін жыл сайын орасан зор қаржы бөлініп, жеке меншік секторды қоса отырып қаржыландыру мен басқарудың жаңа әдістері еңгізіліп жатыр, дәрігерлерді оқыту мен олардың біліктілігін арттыру бойынша жаңа кадр саясаты қалыптасып келеді. Алайда, отандық медицина саласының ақсап жатқан тұстары да жоқ емес. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында қазақ медицинасы қандай жетістіктерге жетті, қандай кемшіліктерге жол берді және болашағынан қандай үміт күттіреді деген сауалдарға жауап іздеп, дебат барысында екі тарап, жақтаушы "Дарын" тобы және даттаушы " Білімпаз" тобы қызу пікірталасқа түсіп, ұпай саны бойынша екі топ та тең түсті.

 

Просмотров: 329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст