Текст
"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" акциясының шеңберінде Есіл аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ УПИ полиция лейтенанты Азнабеков С.И мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Мақсаты оқушыларыдың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері мен таныстыру. Сонымен қатар кешкі мезгілсіз уақытта көшеде жүрмеу, мұздың үстіндегі қауіпсіздік ережелері, компьютерлік ойындардың қауіптілігі жөнінде де түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға қоғамда немесе отбасында қандай да бір зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда хабарласуға болатын сенім телефоны жайлы да ақпарат берілді.