Текст
«Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі», делінген хабарламада.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.
Қажетті құжаттар тізімі:
-Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
-Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
-«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы
туралы құжат;
-063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
-3х4 көлеміндегі 2 фото.
-Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.