Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Деніңізге саулық, отбасыңызға береке - бірлік, мол табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймыз:
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.
Әрқашан шаңырақтарыңызда береке болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке - бірлік тілейміз!
Мереке қарсаңында мектеп ұжымындағы барлық әйелдер қауымына мектеп оқушылары өз қолдарынан жасаған гүлдерін сыйлап құттықтауларын білдірді.