"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебі" КММ
КГУ" Основная средняя школа имени Ы.Алтынсарина села Иглик отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығы құтты болсын!

25.02.2021

Ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығы құтты болсын!

 

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату - тәтті халқымызға бақ қонып, Кетпесін туған жердің берекесі.

Қуан, жұртым Елдігіңді шет елдер мойындады,
Сан армандар іске асты ойыңдағы.
Терезесі тең елдер қатарында
Салтанатпен өтуде тойың - дағы.

Ұланың бар, ұрпағың, іргең берік,
Тағдырыңды тапсырған тізгін беріп,
Азаматтар ақтады сеніміңді
Талай істе танытты кемеңгерлік.

Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 29 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.
Дәулетіміз шалқып, береке - бірлігіміз жараса берсін!
Сізді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ - дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!
Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата - бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілейміз. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!
***
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
***
Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 29 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп - көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтағымыз келеді.
Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілейміз.
Бүгін біз жерінің асты ырғын байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 29 жылдығын зор салтанатпен атап отырмыз. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан еліміздің барша азаматтарына береке - бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілейміз.

 

Аға  тәлімгер :                 Шашубек А.

Просмотров: 309


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст